Қалалық Хакатон №3

Қалалық Хакатон №3: АЛМАТЫ Қ. ЗООПАРКІНЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫН АУДАРТУ

№3 Қалалық Хакатон шеңберінде дайындалған идеялар мен прототиптер:

1. Хайуанаттар туралы мәліметтер ілінген тақташаларды өзгерту: Келушілерді жануарлардың өміріне қызықтыру үшін арнайы тақташаларды орналастыру – бұл тақташада белгілі бір хайуанаттың жеке аты мен таныстырылуы жазылады. Команда АқтырнақтыТянь-Шаньдық “Умка” аюын мысал ретінде алып, бұл идеяны қалай жасау туралы айтып берген. Умка туралы әңгіме бірінші жақта айтылған. Әңгімеде Умка өзінің қайда туылғаны, ата-анасы мен ағалары туралы айтып береді. Сонымен қатар, ол өзінің өмір сүру аймағы, тамағы және ерекшелігі туралы сөз қозғайды. Ең соңында, Умка аю туралы фактіледі айтады. Сондай-ақ, аю туралы кітаптар, фильмдер туралы ақпарат та енгізілген. Осылайша, Умка мен келушілер арасында достық қатынас орнатылады. Зоопаркке келушілер енді Умканы және басқа да аттары бар хайуанаттарды дос ретінде көреді.
2. Қол тигізу зоопаркі: Зоопарктің аймағында “Қол тигізу зоопаркіне” арналған жеке аймақты құру. Әрбір келуші, жеке жануарларға қол тигізуіне, сипалауға және жануарларды тамақтандыруына болады. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін тасбақа, зебра, кенгуру, сурикаттар және маймылдар сияқты жануарларды алуға болады.
3. Зоопарк аймағындағы шатыр астындағы Art-алаңы: Мастер-класстарды өткізу, зоопаркте кино көрсету, Yoga Space пен co-working space құру және балаларға аналған мини-қойылымдарды қою үшін Art алаңын зоопарк аумағында құру. Сондай-ақ, адамдар интернетке кіру, онлайн кітаптарды оқу және басқа да маңызды жұмыстарды жасау үшін WiFi зонасын енгізу. Бұл идея зоопаркке көптеген адамдардың келуін қамтамасыз етіп, Алматы зоологиялық саябағының жаңа пішінімен таныс боламыз.
4. Билет-білезік: Зоопаркке кіретін билеттердің орнына түрлі-түсті билет-білезіктерді дайындау. Кассада әрбір келушілерге «ZOO Almaty» бренді жазылған резеңкеден жасалған әртүрлі білезіктер таратылады. Яғни, келушілер зоопаркке келіп, әр кез билет алған уақытта, оған фирмалық білезік беріледі. Бұл қағазды үнемдеуге және табиғатты сақтауға көмектесіп, келуші естелік ретінде білезік ала алады.
5. Квест-ойын: Зоопаркке келушілерге арналған қызықты квест-шоу. Кіреберіс жерде орналасқан турникеттердің қасында квест-ойыны енгізілген сенсорлы экрандар орнатылады. Бұл квесттің басында зоопарк өмірі туралы танымдық мәліметтер, одан кейін үш сұрақтан тұратын тест көрсетіледі. Осыдан кейін, келушілер үш топқа бөлінеді: “етқоректі”, “қоректілер” немесе “жыртқыш”. Билеттерді де осы үш топқа бөлуге болады. Бұл топтардың арнайы тақталары зоопарк ішінде әртүрлі жерлерінде ілініп тұрады. Мысалы, “жыртқыш” билетін алса, сол келушіге қызыл смузи, қызыл шырын және т.б. сатылады. Бұл зоопаркке жай ғана келмей, келуді әсерлі етіп, келушілерді қызықтырады.
Жоба Сорос Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен іске асырылады.